Жаңалықтар

Төлемақы ставкалары қаралды

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экономика, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Муса Танабаев «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» мәслихат шешімінің жобасын ұсынды.
Бас қаланың экологиялық ортасын қорғау және қала бюджетін арттыру мақсатында әзірленген бұл жобада қалаға қарасты өңірлерде эмиссия үшін төлемақы ставкаларын көтеру мәселесі сөз болды. ҚР Салық кодексіне сәйкес жергілікті органдардың эмиссия үшін төлем­ақы ставкаларын 2 есеге дейін көтеруге құқығы барын алға тартқан басқарма басшысы бұл жоба тек қана автокөліктердің зиянды газ шығаратыны үшін төлемақыны өсіру мен керосинге төлемақы ставкаларын қосуға арналғанын, қалған төлемдердің өзгеріссіз қалатынын айтты.
Ерекше айта кететін бір түйін, бұл өзгерістер өз есебінде автокөлігі бар жекеменшік тасымалдау ұжымдарымен айналысатын коммуналдық мекемелерге қатысты. Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бұл төлемді төлеуге міндетті емес.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button