Ел тынысы

Түркияға 114 киіз үй жөнелтті

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады. Қазақстандықтар Түркияда зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жіберуді жалғастырып жатыр.

«Еліміздің барлық өңірлерінде қажетті заттарды қабылдау және сұрыптау пункттері ұйымдастырылған. Белсенді азаматтар, волонтерлер көмек есебін жүргізеді, барлық жиналған заттарды сұрыптайды, орайды. Жиналған материалдар автокөлікпен Түркия Республикасының елшіліктері мен консулдықтарына жеткізіледі» делінген министрліктің хабарламасында.

Құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 13 ақпандағы жағдай бойынша өңірлерде 115 тонна гуманитарлық көмек жиналды (Алматы қ. – 4 т., Алматы облысы – 68 т., Түркістан облысы – 25 т., Шымкент – 50 т., Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстары – 3 т.), оның 75 тоннасы (Түркістан облысы және Шымкент қаласы) Түркияға жіберілді, сондай-ақ 32 млн теңге жиналып, тікелей Afad қорына аударылды.

«Бұған қоса, қазақстандықтар 114 ұлттық киіз үй жөнелтті. Игілікті іске жалпы халық жұмыла үн қосып жатыр. Мәселен, жас кәсіпкер әрі блогер Асхат Нұрлыбаев пен Айдос Шайхислам Instagram парақшасында көмек ұйымдастыру бойынша белсенділік танытса, Жамбыл облысында волонтерлер 17 фура көмек жинап, Алматы консулдығына жіберуді жоспарлауда. Өз кезегіде Ұлттық волонтерлер желісі мен Қазақстандағы Қызыл Жарты-Ай қоғамы айтарлықтай жұмыстар ұйымдастыруда. Волонтерлер көмек көрсету бойынша жұмыстың бірінші кезеңі аяқталып қалды» делінген ресми ақпаратта. Барлық жұмыстар Қазақстандағы Түрік Республикасының елшілігімен бірлесіп жүргізілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button