Елорда тынысы

Проблемалы нысандарды аралады

Қала басшысы Жеңіс Қасымбек Байқоңыр ауданындағы проблемалы нысандарды аралап, елді мекендердің тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар тарапынан апатты мектептер, үйлер, жоғары кернеулі электр желілерінің астында қалған баспаналар мәселесін көтерді. Әкім әрбір мәселенің рет-ретімен оң шешілетінін жеткізді.

Мәселен, «Кирпичный» елді мекенінің тұрғындары Көксеңгір көшесіндегі апатты мектептің құрылысы қаңтарылып қалғанын айтты. «Кирпичный» елді мекенінің тұрғындары №12 мектептің (Көксеңгір көшесі) проблемасын көтерді. Бұл мектеп осыған дейін апатты деп танылып әрі пайдалануға жарамсыз болғаны үшін бұзылған. Бірақ жаңа ғимараттың құрылысы тоқтап қалды деуге болады. Ал жосықсыз мердігермен келісімшарт бұзылды. Білім ошағының құрылысын биыл аяқтауды тапсырдым» деді Жеңіс Қасымбек.

Ал Чехоев көшесінің тұрғындары барак типіндегі үйлерде кәріз жүйесінің жұмыс істемейтінін жеткізді. «Чехоев көшесіндегі 3,1 үйлер апатты деп танылған. Тұрғындар барак типіндегі үйлерде кәріз жүйесінің жұмыс істемейтінін алға тартты. Бұл үйлердің бір бөлігін 2024 жылы бұзылатын нысандар тізіміне енгіземіз. Сондай-ақ өзге де апатты үйлер бойынша тізімді жаңартамыз» деп түсіндірді қала басшысы.

Жеңіс Қасымбек Байқоңыр ауданының тағы бір түйткілді проблемасы – жоғары кернеу­лі электр қуаты желілерінің астында орналасқан үйлерді бұзу екендігін айтты. «Бұл – Биші қайың (Күлтегін), Асан қайғы, Сырдария, Лермонтов көшелерінде орналасқан үйлер. Өткен жылы осы үйлердің бір бөлігі сатып алынған болатын. Биыл да жүйелі түрде учаскелерді сатып алу, үйлерді бұзу жұмысын жалғастырамыз. Осылайша, тұрғындар ұзақ жылдардан кейін өзге орындарға көшіп, денсаулығына алаңдамайтын болады. Жеке сектордың орнына әлеуметтік нысандар, тұрғын үй кешендері, қоғамдық кеңістіктер салынады. Асан Қайғы көшесінің бойымен инженерлік желілермен (Уәлиханов көшесімен қатар) жол салу жоспарланып отыр» деді әкім.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button