Астана ауданы

Тұңғыш президент музейін аралады

Сарыарқа ауданы аумағындағы мектептердің оқушыларына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейіне және Елбасының алғашқы резиденциясының алдындағы алаңда орналасқан фотогалереяға экскурсия ұйымдастырылды.

[smartslider3 slider=1192]

Оқушылар музейді аралап, Тұңғыш Президенттің өмірбаяны, атқарған қызметімен жақынырақ танысты. Аудан әкімі Есет Байкен оқушыларды тәуелсіздік құндылығы мен Елбасының келешек ұрпаққа үлкен үмітпен қарайтынын жеткізді.

Оқушылар музейде ел тарихы мен Елбасы өзі негізін қалаған елорда тарихы бейнеленген сурет галереясын тамашалады. Музей қызметкерлері оқушыларға қызықты деректерді айтып, тың мәліметтермен бөлісті.

– Елбасы «Қазақстанның болашағы – білімді жастардың қолында» дей отырып, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлкен үмітпен қарап, сенім артады. Атқарылып жатқан жұмыстың барлығы еліміздің дамуы, яғни өскелең ұрпақтың болашағы үшін. Еліміз басқа алпауыт мемлекеттермен иық тірестіре алатындай болып дамуы үшін жан-жақты білімді жастар керек. Қазіргі заманда тек білім мен ғылымды игеру арқылы ғана жарқын келешекке қадам баса аламыз. Мемлекет тарапынан білім алам, өсіп-өнем, елімді дамытам деген кез келген жасқа қолдау көрсетілуде, – деді өз сөзінде Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button