Мәдениет

«Тұрандотты» тегін тамашалады

Елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар Ресейден келген қуыршақ театрының қойылымын тегін тамашалады. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған театрлар фестивалі аясында С.Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық орталық қуыршақ театры «Тұрандот» спектаклін сахналады.

[smartslider3 slider=713]

«Тұрандот» ертегісі Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Алтын маска» ұлттық театр сыйлығының лауреаты, режиссер Борис Константиновтың авторлық нұсқасында қойылды. Спектакльде екі әлем қақтығысады – классикалық Қытай мен романтикалық Венеция. Сахнада қатыгез сұлу Тұрандот пен ханзада Калафтың махаббаты баяндалады. Сол сияқты Венецияның көпірін, суға шағылысқан айдың сәулесін, сыңғырлаған қоңырауды, су бетінде жүзген қайықтарды көруге болады. Оның желісі кімді болсын бей-жай қалдырмайды.

«Тұрандот» спектаклі – ересектерге арналған ертегі. Бұл – ақылы таяз ер адамдардың басын алған ханшайым жайлы. Бірақ ертегі желісі бойынша жағдайдың бәрін түзететін ақсақал шығады және ол оның әйеліне айналады» деді С.Образцова атындағы Мемлекеттік академиялық орталық қуыршақ театрының бас режиссері Борис Константинов.

Ресейлік қонақтар Қазақстанның қонақжайлығын ерекше атап өтіп, алдағы уақытта Нұр-Сұлтанға тағы келетінін жеткізді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button