Ел тынысы

Тұрғындар ұсынысын қабылдаймыз

Қала әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды кезекті рет онлайн ­қабылдады. Осылайша биыл бір жылда елорда әкімі әріптестерімен бірге 5 мыңнан астам қала тұрғынын қабылдады.

[smartslider3 slider=1688]

«Қала өз тұрғындарының қатысуымен дамып келеді. Азаматтарды қабылдауда, кездесулерде, қаланы аралау барысында, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардың елордамызды дамытуға қатысты ұсыныстарын қабылдаймыз. Сұрақтар әлеуметтік нысандар құрылысына да, жол инфрақұрылымына да, абаттандыруға, тұрғын үй алаптарын дамытуға және т. б. қатысты. Биыл бірқатар мәселе шешілді. 10 мың әлеуметтік пәтер, 40 мың оқушы орнына арналған 15 мектеп салынды, «үй маңындағы дәрігер» нысандары ашылды, оңалту орталықтары мен аула клубтарының желісі кеңейтілді, 100-ден астам көше салынып, жөнделді, 9 елді мекенге газ тарату желілері жүргізілді және т. б. Азаматтарды қабылдау кезінде келіп түскен мәселелерді ескере отырып, келесі жылға алдын ала жоспар дайындалады» деді қала әкімі.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өзара байланысты нығайтуға әлеуметтік орталықтар да көмектеседі. Олардың қатарында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық, iQala орталығы, жастарға қызмет көрсету орталығы бар. Биылдың өзінде аталған орталықтар қала тұрғындарының 150 мыңнан астам өтінішін өңдеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button