Жаңалықтар

Тұрғындардың мәселесін қарады

Қала әкімінің жеке қабылдауына елордалық азаматтар тұрғын үй, үлестік құрылыс нысандары, медициналық қызмет, білім беру мен жұмысқа орналасу мәселелерімен көбірек жүгінді.

– Екі апта ішінде 20-дан аса тұрғынды қабылдадым. Шамамен 60 сұрақ қойылды. Көтерілген мәселелер тұрғын үйге, үлестік құрылыс нысандарына, медициналық қызметтерге, білім беру мен жұмысқа орналасуға қатысты. Биылдан бастап «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 15 мыңнан аса адам жұмысқа орналастырылды. Оқу орындарының түлектері үшін гранттарды ұлғайттық, қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша «Үйдегі дәрігер» 29 нысаны ашылды, бұл тағы 180 мың адамды қамтуға мүмкіндік берді, – деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыруда «бір терезе» қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсететін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы мен тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық үлкен септігін тигізіп жатыр. Орталықта тұрғын үй кезегінің нөмірі, кезекке қалай тұру керектігі, түрлі тұрғын үй бағдарламаларының тетіктері және т.б. туралы білуге болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button