Жаңалықтар

Тұтынушылар жайы талқыланды

Астана қаласы әкiмдiгiнде Халықаралық тұтыншуылар күнiне орай «Әдiлет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен конференция өттi.
Жиында бiрлестiк төрағасы Қабыкен Закариянов алғаш тұтынушылар осыдан жүз жыл бұрын Чикаго қаласындағы аяқ киiм фабрикасына жиналып, үнеммен сапасыз аяқ киiм шығарған кәсiпорынның кесiрiнен қыста аяқтары тоңғанын жеткiзiп, фабриканы жауып тастағанын айтты. Осыдан кейiн халық талап қою арқылы сапалы өнiмге ие бола алатындықтарына көз жеткiзiп, мұндай қозғалыстар кейiн Еуропа елдерiн түгелдей шарлайды.
Осы орайда, «Әдiлет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бiрлестiгi елордалықтарды сапалы өнiммен қамтамасыз етiп отырған белсендi кәсiпорындарды халықаралық тұтынушылар күнiмен құттықтап, шағын сыйлықтар табыс еттi. Оның iшiнде «Продукты» дүкенi, «Амал», «Ойл», «Рухан», «Апрель», «Бахус» және тағы басқа да ЖШС, «Артем», «Анвар» сынды сауда орындары бар.
«Әдiлет» тұтынушылар құқығын қорғау бiрлестiгi арқылы елордалық тұтынушылар 1 миллиард көлемiнде сапасыз өнiмдердi иелерiне қайтара алған екен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button