БілімЖаңалықтар

Жаңа оқу жылы қарсаңында қалалық алаңда мектеп жабдықтарын сатуға арналған жәрмеңке өтті

Екі күнге созылған шараға 10 мыңдай адам қатысып, 17 млн 900 мың теңгенің тауары сатылды. 

01

Жыл сайын дәстүрге айналған жоба мектепке керек жабдықтарды халыққа төмендетілген бағамен ұсынуды көз­дейді. Мектеп жәрмеңкесінде Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларының өндірушілері өз тауарларын ұсынды. 21 сауда орны құрылып, онда мектеп формасы, спорттық кос­тюмдер мен аяқ киімдер және кеңсе заттары мен кітаптар 10-50% жеңілдікпен сатылды.
– Биылғы жәрмеңкеге 13 отандық және 1 шетелдік кәсіпорын қатысты. Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмектесуге бағытталған шарада мектеп құралдары мен киімдер нарықтағы бағадан арзан сатылды. Жәр­меңке кезінде халыққа кеңес беретін қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істейді. Ондағы мамандар мектепке қабылдау, оқулық, киім мәселесіне қатысты көп­шіліктің сауалдарына жауап берді, – дейді қалалық Білім басқармасының Кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Орынбасарова.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button