Жаңалықтар

Жантүршігерлік жолапаты

Нұр-Сұлтанда көпір үстінде болған жол-көлік апатынан 5 адам қаза тапты.

30 қыркүйекте түнгі сағат 00:34-те «Toyota Camry» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзенінен өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп келе жатып, жылдамдық режимін сақтамаған. Соның салдарынан ол рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан 5 адам қаза тауып, 1 адам зардап шекті. Оқиға орнында 2 жүргізуші және тағы 3 жолаушы мерт болды және «Toyota Camry» автокөлігіндегі 18 жасар жолаушы қыз ауыр халде қалалық ауруханаға жатқызылған, науқастың омыртқасы сынған және травматикалық шок алған. Оған шұғыл ота жасалған. Зардап шегуші әлі де ауыр хәлде жатыр.
Департаменттің  мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағына («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button