Елорда тынысы

Жедел жауап береді

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығы күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.

[smartslider3 slider=1802]

Орталық жетекшісі Жаннат ­Дүбірованың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған төтенше жағдай режимі кезеңінде келіп түсетін өтініштер көбейген. Жалпы, жыл басынан бері орталық мамандары 58 мыңға жуық өтінішке жауап берген. Ең көп қоңырау саны 5 және 6 қаңтар күндері қабылданып, осы екі күнде түскен қоңыраулардың жалпы саны 20 мыңнан асқан. Мекеме басшысы барлық өтініштерге жедел түрде жауап беріліп жатқанын жеткізді.

Соңғы күндердің өзінде-ақ орталыққа 8 мыңнан астам қоңырау түскен. Олардың басым бөлігі консультациялық сипаттағы мәселелерді құрайды. Бұл ретте елорда тұрғындарын көбінесе блок-бекеттер арқылы кіріп-шығу, қоғамдық көліктердің жүріп-тұруы, коменданттық сағат кезінде не істеуге болады деген сипаттағы сұрақтар мазаласа керек.

Нақтырақ айтсақ, соңғы кездері орталыққа келіп түскен 2 919 өтініш төтенше жағдайға қатысты болса, 1 918 мәселе денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелер төңірегінде қойылған. Олардың арасында коронавирустық инфекцияға, соның ішінде жаңа «Омикрон» штамына қатысты сұрақтар басым. Сондай-ақ қоғамдық көліктердің мәселелеріне қатысты орталыққа 895 өтініш келіп түскен. Қала тіршілігін қамтамасыз ету, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесе отырып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Жедел штаб аясында бейнебақылау жүйесі арқылы қоғамдық тәртіпке мониторинг жүргізіледі. «iKOMEK» орталығының бейнебақылау операторлары тарапынан қоғамдық тәртіп пен коменданттық сағатты бұзушылар анықталып, жедел түрде Полиция департаментінің қызметкерлеріне беріліп жатыр» деді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Жалпы, қала тұрғындарының «іКомекке» хабарласуы жиілей түскен, осы жағдайды ескерген орталықтың қызметі де жұмысын күшейтілген режимде жүргізуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button