Жаңалықтар

Жеделсөз. Олжас КАУШЕВ,Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы: ЖАСТАР ҚАЙ ІСТЕ ДЕ БЕЛСЕНДІ

– Елорда жастарының жағ­дайы қалай?

– Астана – жастар қаласы. Мұнда қазір 245 мыңнан аса жігіт пен қыз тұрады. Бұл – жалпы тұрғын халықтың 30 пайызы.
Биыл 1 қыркүйекке дейін біз­дің басқарма елуден астам іс-шара (кездесу, дөңгелек үс­тел, кон­ференция, фестиваль, сен­бі­ліктер мен түрлі әлеу­мет­тік іс-шаралар) өткізді. Оған 80 мыңнан аса жас қатысты.

«Бизнестің жол картасы – 2020» салалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында елордада жастарды жұмыспен қам­ту жө­нінде «Жастар тәжі­ри­бесі», «Жасыл ел» жобала­ры жү­зеге асырылуда. Жыл ба­сы­­нан бері оған 807 адам қатысты.

Елорда жастарын жұмысқа орналастыру үшін жыл сайын бос жұмыс орындары жәр­мең­кесі өткізіледі. Бірінші жарты­жыл­дықта осындай 4 жәр­меңке өткізіліп, оған елор­даның 10 мыңға тарта жұмыс­сыз жүрген тұрғыны қатысты.

– Алдағы міндеттер қандай?

– Қоғамда көтеріліп отырған мәселелерден астаналық жас аза­маттар ешқашан шет қал­ған емес. Біз қазір­де жастар­дың әлеуметтік-эконо­ми­­ка­лық ахуа­лын күшейтуге бағытталған бір­неше жобалар бойынша жұмыс­тар атқарудамыз. Ең басты мәселе, жастардың ма­ман­дық таңдаудағы кеткен қа­теліктерін жөнге кел­тіру. Осыған байланысты бас­­қарма тұрақты түрде бү­гін­гі күн сұра­ныстарына ие мамандық­тар бойынша жастарды қайта оқы­­тып, даяр­лауға бағыт ұстауда.
Осы айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін басқарма қаланың жалпы білім беретін мектептерінде 9-11-сынып оқушыларымен кешенді жұмыстар жүргізуде. Ең көп сұранысқа ие мамандық иеле­рімен шәкірттердің кездесуі ұйымдастырылады.

– Жастардың қоғамдық жұмыстарға қатысы қалай?

– Елорданың жастары белсенді. Басқарма өткен қыста «STOP-ҚАР» акциясын өткізді. Мақсаты – салауатты өмір салтын қа­лыптастыру, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, қала тазалығына жете мән беру болатын. Оған бес жүзден астам елордалық жас қатысты. Сол сияқты сенбіліктер мен түрлі мерекелерде жас жігіттер мен қыздар әсем де әдемі бас қаланың одан сайын көркейіп, өркендеуі үшін аса белсенділікпен атсалысады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button