Жаңалықтар

Желтоқсаншылар мерейі

Тәуелсіздік күніне орай елорда әкімдігінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға мерейтойлық медальдар табыс ету салтанаты өтті.

[smartslider3 slider=1470]

1986 жылдың желтоқсанында қазақ жастары Алматының орталық алаңына шығып, Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы қызметіне Геннадий Колбинді тағайындауға қарсы шықты. Қазақ жастарының наразылығы бүкіл әкімшілік жүйеге қарсы наразылыққа ұласты. Сол жылдары алаңға шыққандардың ерлігі ескерусіз қалды. Тіпті қуғынға түскендердің біразы әлі күнге ақталмай келеді. Тарихымыз­дағы осы бір ақтаңдақтардың орны бүгінде толуда. Қалалық әкімдік бір топ Желтоқсан қозғалысына қатысқан батыр­ларымызға құрмет көрсетіп, еңбектерін бағалады. Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов Желтоқсан қаһармандарына ерекше ілтипат көрсетіп, мерейтойлық медальдар табыстады.

– Ол кезде мен Қазақ мемлекеттік университеті арнайы бөлімінің студенті едім әрі комсомол бюросының хатшысы болатынмын. 24 жастағы мені бір күні комсомол мен университеттен себепсіз шығарып жіберді. Сот маған ғана емес, Желтоқсан оқиғасының басқа қатысушыларына да демонстрация жасады, – деп есіне алды Құрман­ғазы Рахметов. Содан кейін ағамыз түрмеде екі жыл, екі ай отырады. Туберкулезбен ауырған ол 1989 жылы бостандыққа шықты. 90-жылдары Құрманғазы Рахметов ақталды.

Желтоқсаншылардың тағдырлары ұқсас. Қазір олар 50 жастан асқан. Бейбіт күнге жетіп, арайлы ақ таңның туғанына риясыз қуанышты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button