Жаңалықтар

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АЙҚЫН ҰСТАНЫМ

20150522_112211

Жақында ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы М.Мұстафин Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын талқылау жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

Оған сала мамандары мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің жауапты қызметкерлерінің қатысты.
«Дөңгелек үстелде» қалалық департамент өкілдері Д.Райымбаев пен М.Дәулет Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ұстанымдары мен ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баяндады.
Одан әрі талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Г.Жұматова департаменттің 2015 жылға арналған жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы мен атқарылған жұмыстар туралы айтты.
Ал, техникалық реттеу бөлімінің басшысы К.Нұрғалиева екі мемлекеттік мекеменің бірігу жолымен қайта құрылуынан кейінгі департамент қызметінің жанданғаны туралы айтып, департамент басшысының орынбасары Ж.Ермағамбетов тұтынушылармен байланысты жақсартуға бағытталған жұмыстарға тоқталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button