Басты ақпарат

Жетістіктер жастарды жігерлендіреді

Бас қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Елорда жастары сыйлығы – 2019» байқауы өтті. Жиын барысында сөз алған шаһар басшысы Алтай Көлгінов:
– Бұл шара биылғы «Жастар жылында» атқарылған жұмыстың қорытындысы десек те болады. Әрине, бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба береді. Мемлекет тарапынан өзін дамытамын деген жастарға түрлі мүмкіндік қарастырылып жатыр. Біздің жастарымыздың барлық сала бойынша ауыз толтырып айтатын жетістіктері жеткілікті. Мұның барлығы – еңбектің арқасы, – деді.

Қыркүйекте басталған байқауға 1 мыңға жуық өтінім келіп түскен. Қалалық әкімдіктің жастармен жұмыс бөлімі басшысы Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, байқау номинанттарына қойылған алғашқы талап ретінде үміткерлердің 14 пен 29 жас аралығында болуы міндеттеліпті. Екінші кезеңде үміткердің өз саласы бойынша жыл бойы жасаған жұмыстары мен жетістіктері есепке алынып, олар арнайы құрылған комиссияның қарауына жіберілген. Олар 15 номинация бойынша 3-тен 5-ке дейін үміткерді таңдап алған. Одан соң онлайн дауыс беру кезеңі басталып, ақтық сында ең көп дауыс жинаған жеңімпаздар анықталды.Сайыс нәтижесінде «Елорда жастары сыйлығы – 2019» байқауының жеңімпаздары болып «Эстрада» аталымында – Мирас Жүгінісов, «Ғылым» аталымында – Қуаныш Ерсаханов, «Журналистика» аталымында – Риза Данияр, «Кино және театр» аталымында – Самат Әзімқұлов, «Ұлттық өнер» аталымында – Әсел Әлібекова, «Спорт» аталымында – Мадияр Мусаифов, «Мемлекеттік қызмет» аталымында – Таңшолпан Ерманова, «Әлеуметтік саланың үздік қызметкері» аталымында – Жүнісәлиев­тер отбасы, «Қоғамдық қызмет» аталымында – Асылбек Әбдурашитов, «Өндірістің үздік қызметкері» аталымында – Сабина Отарова, «Заманауи шығармашылық өнер» аталымында – Ақбота Тоқтасынова, «Үздік студент» аталымында – Абдрауф Орал, «Үздік жастар театры» аталымында – «Шаңырақ» театры, «Жас кәсіпкер» аталымында – Айгерім Бапанова және «Жыл волонтері» аталымында Мирас Мұрат танылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button