Жаңалықтар

«Жол картасымен» жұмыс тапты

Елордада ­«2020-2021 жылдарға арналған Жұмыс­­пен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 15253 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Соның елу пайызы қаланың Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізіледі. Осы уақытқа дейін аталмыш бағдарлама бойын­ша 14 мыңға жуық адам жұмыс тапты. Оның 7489-ы атал­ған орталық жолдамасымен жұмысқа орналастырылды.Халықты жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, биыл елордада 151 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда 148 нысан бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бағдарлама аясында жұмыссыз азаматтар мектептер мен ауруханаларды, тұрғын үйлерді жөндеуге, құрылысы жүргізіліп жатқан немесе күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуді қажет ететін инженерлік-көлік инфрақұрылымын қайта жаңартуға және салуға, көгалдандыру бойынша жұмыстарға тартылады.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, қалада уақытша тіркелгендер, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлер қатыса алады.
Жол картасы бойынша бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді enbek.kz порталында көруге болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button