Елорда тынысы

Кезең-кезеңімен іске асады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. Қала басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін мәлімдеді.

«Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино елді мекендерінің тұрғындарымен кез­дестім. Елді мекендерде негізгі мәселелер инженерлік желілер, әлеуметтік нысандар, жолдар салу, жарықтандыру жүргізу ісіне және т. б. қатысты. Сол сияқты тұрғындар сумен жабдықтау, электр энергиясы, автобустарды іске қосу бойынша сұрақ қойды. Мәселен, жазда қосымша №3 су сорғыш-сүзгіш стансаны іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл бүкіл қала бойынша су мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қалаға жылумен, электрмен жабдықтауда қосымша күш беретін тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері нысандарының бірқатарының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз» деді әкім.

Сонымен қатар, Жеңіс ­Қасымбек биыл 11 мектеп салынып (14-і салынып жатыр), 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер тапсырылатынын, сондай-ақ қалаға 400-500 автобус жеткізілетінін, екі жыл ішінде инвесторлар есебінен 40-қа жуық балабақша бой көтеретінін жеткізді.

«Кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер шешіледі. Біз оларды кезең-кезеңімен іске асырамыз» деді қала басшысы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button