Елорда тынысы

Моңғолия вице-премьерімен кездесті

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Моңғолияның вице-премьер-министрімен кездесті. Тараптар бірқатар облыстағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Моңғолияның вице-премьер-министрі Сайнбуянгийн Амарсайхан, еліміздегі Моңғолияның төтенше және өкілетті елшісі Доржийн Баярхуу және т. б. өкілдермен кездесу өткіздік. Білім, мәдениет, сауда, экономика, туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ инвестициялық климатты жақсарту шараларын және тағы басқа да мәселелерді талқыладық.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қала мен еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуға жағдай жасап, инвестор­ларға жан-жақты сервистік қолдау көрсетудеміз.

Мәселен, 2020 жылы елорда экономикасына 1,1 триллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылса, 2021 жылы 1,2 триллион теңгеден астам қаржы тартылды. Ағымдағы жылдың 9 айында шамамен 900 млрд теңге. Бірінші кезекте тұрғындар мен қалаға қажетті жобаларды қолдаудамыз» деді елорда әкімі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button