Елорда тынысы

Федерацияда – жаңа басшы

Астана қаласының ұлттық және олимпиадалық ат спорт түрлері федерациясының кезекті жиналысы өтті.

Аталған шараға қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов және бірқатар қалалық спорт мектептерінің басшылары мен бапкерлері қатысты. Орыс барысында федерацияның атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, жаңа жоспарлар жасалды.

Астана қаласының ұлттық және олимпиадалық ат спорт түрлері федерациясының республикалық кезекті жиналысының шешімімен  федерация президенті болып Ерлан Каналимов тағайындалды.

Жиын қатысушылары жаңа басшылыққа қордаланған мәселелерін айтып, өздерін толғандырған сұраққа жауап алды. Сонымен қатар ұлттық спорт жанашырлары спорттың дамуын тежейтін мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын ұсынды.

Жаттықтырушылардың аздығы, шабандоздардың ұлттық құрамаға кірмеуінің себептері, жастарды спортқа баулу, ең басты мәселенің бірі – ат спорты түрін кәсіби деңгейге көтеру сынды мәселелер ортаға салынып, шешу жолдарының алгоритімі ұсынылды. Сондай-ақ федерация президенті алдағы Республика күніне орай бәйге ұйымдастыру жоспарда бар екендігін айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button