Қала мен Сала

Қоқыстан қалай құтыламыз?

Сарыарқа ауданы бойынша рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен 1,5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Жыл басынан бері ауданда рұқсат етілмеген 9 жерде қоқыс үйіндісі анықталған. Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Данияр Дастанұлының айтуынша, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен 1,5 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Абаттандыру ережелерін бұзған 20 адамға әкімшілік айыппұл салынды.

– Күн сайын экологиялық полициямен бірлесіп мониторинг жүргіземіз. Бұл мәселеде бізге тұрғындар да көмектеседі, сонымен қатар бейнебақылау камераларын қараймыз. Бүгінгі таңда рұқсат етілмеген 8 қоқыс орны толығымен жойылды, ал С-308 көшесінде қоқыс шығару жұмыстары жүргізілуде, – деді Данияр Дастанұлы.

Ірі көлемді, құрылыс және басқа да қоқыс түрлерін тек Алаш тас жолының бойында орналасқан елорданың экополигонына шығаруға рұқсат етілген. Сондай-ақ абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар көзделген. Осы бап бойынша жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал кәсіпкерлер үшін 30-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button