Мәдениет

Өр Алтай әуендері

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академия­лық филармонияның «Сарыарқа» халық музыкасы ­ансамблі «Өр Алтай» концерттік бағдарламасын ұсынды. Концерт ҚР Ұлттық әскери-патриоттық орталығының сахнасында өтті.

Көрнекті қаламгер, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек Алтай-Тарбағатай әндерін «қоңыр әндер» деп атады. Оларды қазақ ән өнерінің бес негізгі мектебіне жатқызып, осы әндердің табиғаты мен тарихына ғылыми талдау жасады. Алтай мен Тарбағатай әндерін қазақтың ең көне мұрасы деп тануға болады.

«Сарыарқа» ансамблі концертте Қайрақбайдың «Өрелі кер» және «Телқоңыр», Байжігіттің «Көксерке», Ғабдылхақ Барлықовтың «Сағыныш сазы», Тоғжан Жахиннің «Бабалар мекені – Алтай», Мұқаш Таңғыттың «Көгалда», Ержан Тоқсабановтың «Өр Алтай» шығармаларын орындады.

Ансабльмен бірге сахнада филармонияның ­«халық әні» бөлімінің әншілері Жақсыгелді Маясаров, Секен Сыздық, Данияр Мұқан, Нұрай Танабаев, Зинат Қасымова, Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Гүлмира Сарина өнер көрсетті. Олар «Жорғатай», «Өр Алтай», «Айхай жалған», «Көзіңнің мөлдірін-ай», «Ақ көйлек», «Ағажай Алтай», «Гүлдариға» халық әндерін шырқады.

Концертке Мейрам Айтмағанбетов, Ержан Тоқ­сабанов, Шығыс Махан Алтай-Тарбағатай музыкалық дәстүрінің інжу-маржандарын ұсынды. Шақырылған әртістер – күйшілер Қайрат Айтбаев, Марат Нүкеев және Ақжусан Иманғазықызы Алтай-Тарбағатай мектебінің шығармаларын шертті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button