Елорда тынысы

Елорданың 25 жылдығына орай Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

Байқауға қатысуға барлық қазақстандық сазгерлер шақырылады. Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Elorda Aqparat» медиасеріктестігі (Қазақстан Композиторлар одағымен бірлесе) ұйымдастырады.

Конкурсқа Астана туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде жарыққа шыққан әндер қабылданады.

Үздік әндерді белгілі сазгерлерден және елордадағы осы саланың құрметті өкілдерінен құралған конкурстық комиссия айқындайтын болады.

Ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енетін болады.

Өтінімдер 2023 жылдың 10 мау­сымына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады: elordainfo23@gmail.com

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8-778-143-06-11, 8-778-155-61-11 (WhatsApp).

Елорданың 25 жылдығына орай Астанаға арналған «Ел жүрегі – Астана» атты респуб­ликалық үздік ­әндер бай­қауын өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  • Конкурс Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына арналып өткізіледі.
  • Конкурстың ұйымдастырушысы «Elorda Aqparat» ЖШС (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.

2-тарау. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

  • Астана қаласын әнге қосу арқылы ел ішінде кеңінен насихаттау;
  • Елорда туралы жаңа музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу;
  • Өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
  • Отандық авторларды қолдау;
  • Елге, Астанаға патриоттық көз­қарастар қалыптастыратын мәдени өнімдер жасау.

3-тарау. Конкурстың өткізілу тәртібі

  • Конкурс 2023 жылғы 22 мамырдан бастап 10 маусымға дейін өткізіледі.
  • Конкурсқа туынды авторлары (бұдан әрі – қатысушылар) қатысады, жас ерекшеліктеріне шектеу жоқ.
  • Конкурс нәтижесінде қазылар алқасының оң бағасына ие болған шығармалар Астананың 25 жылдығына орай жарық көретін «Ел жүрегі – Астана» атты ән жинағына енгізіледі.
  • Конкурсқа ұсынылған туындылар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
  • Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар 2023 жылғы 22 мамырдан бастап 10 маусымға дейін осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мынадай құжаттар мен материалдарды қосымша бере отырып, өтінім жолдайды:

1) PDF форматында жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) шығармашылық өмірбаяны.

Сондай-ақ, қатысушы туынды бойынша өтінімге қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

  • туындының МР3 форматындағы аудиожазбасы;
  • партитура және клавир («Finale» немесе «Sibelius» ноталық редакторлар немесе JPEG немесе PDF форматындағы басқа ноталық редакторлар форматында);
  • Өтінімдер elordainfo23@gmail.com электронды поштасына жолданады.

Сұрақтар бойынша үйлестіруші телефондары: 8-778-143-06-11; 8-778-155-61-11.

4-тарау. Ұйымдастыру комитеті

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін елорданың 25 жылдығына орай Астанаға арналған «Ел жүрегі – Астана» атты үздік әндер конкурсын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) құрылады.

  • Конкурсты жан-жақты ақпараттандыру мақсатында ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландырулар мен хабарламалар ұсынады және қағидалар «Elorda Aqparat» ЖШС-ке қарасты «Astana aqshamy», «Вечерняя Астана» газеттері мен олардың сайттарында және «elorda.info» желілік басылымында жарияланады.

5-тарау. Конкурстың қазылар алқасы

  • Туындыларды бағалау, сондай-ақ, байқау қорытындысы туралы шешімдер қабылдау үшін қазылар алқасы құрылады.

Қазылар алқасы:

  • Байқау қорытындысы бойынша жарық көретін ән жинағына енетін туындыларды анықтайды.
  • Қазылар алқасының құрамы, оның төрағасын қоса алғанда, 5 адам­нан құралады.
  • Қазылар алқасының шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
  • Қазылар алқасының шешімі төраға мен қазылар алқасының барлық қатысқан мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

7-тарау. Қорытынды ережелер

  • Осы қағидаларда қарастырылмаған барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі және шешіледі.

Республикалық «Ел жүрегі – Астана» атты жаңа өнер туындыларына арналған конкурсты өткізу қағидаларына

1-қосымша нысан

Республикалық «Ел жүрегі – Астана» атты жаңа өнер туындыларына арналған конкурсқа қатысуға өтінім

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)  
Туған күні  
Қатысушы туралы қосымша ақпарат (жұмыс, оқу орны және т. б.)  
Конкурстық туындының атауы  
Байланыс анықтамалары: мекенжайы, телефоны, e-mail  

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button