Білім

50 алтын медаль алды

Елордалық оқушылар пәндік олимпиадаларда ­230-дан астам медаль жеңіп алды.

Өткен жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша ­республикалық олимпиадада Астана қаласының оқушылары медальдардың рекордтық санын иеленді. Елорда командасының қоржынында жалпы 93 медаль бар. Оның 24-і – алтын, 29-ы – күміс және 40-ы – қола. Сондай-ақ Астана құрамасы жыл сайын «Үздік олимпиадалық команда» атағына лайық деп танылды.

Сонымен қатар елорда оқушылары Ресей, Өзбекстан, Португалия, Венгрия, АҚШ, Бразилия, Колумбия және басқа да халықаралық зияткерлік жарыстарда тартысты өнер көрсетті. Атап айтқанда, 273 оқушы халықаралық олимпиада­лар мен байқауларға қатысып, 139 медальді қанжығаға байлады. Оның 26-сы алтын, 37-сі күміс, 76-сы қола медаль болды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button