Рухани жаңғыру

Ауыл тарихы тасқа басылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» дей келе, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Оның мән-маңызын «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» деген сөздермен түсіндіріп өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы Майбалық ауылының құрылғанына биыл 90 жыл толып отыр. Жуырда Астанада бұл ауыл тарихынан сыр шертетін «Орны дара, жұрты дана Майбалық» аталатын кітаптың таныстырылымы болды. Бұл күнде елордада осы ауылдан шыққан 30 шақты шаңырақ тұрады. Олардың арасында Науан, Әнуар, Боранбай Сариндер де бар. Осы ағайынды азаматтар былтыр жарық көрген аталмыш кітапты қосымша бастырып, бас қаладағы жерлестеріне таратып берді.
«Майбалық ауылынан 3 ша­қырым жерде барша қазаққа әйгілі Гүлтөбе-Маманай деп аталатын алқапта Қожаберген жырау, Толыбай сыншы, Сегіз сері жерленген. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шәймерденов сынды жазушылардың атақонысы, кіндігі кесілген мекені – осы жер. Осыдан 10 жыл бұрын ауылымыздың 80 жылдығын атап өткен болатынбыз. Сол кезде Майбалық ауылының 8 жылдық мектебінің директоры болған Таңат Сүгірбаев пен ауылымыздың тумасы, журналист Ахметжан Қуантаев кітап жазуды бастады. Жеті-сегіз жылдың айналасында материалдарды жинақтап, «Орны дара, жұрты дана Майбалық» кітабы жарық көрді. Кітаптың тұсаукесері былтыр күзде Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өтті» дейді Науан Сарин.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button