Жаңалықтар

Қыстың қамын жаз ойла

Қала әкімі Әсет Исекешев жиын өткізіп, елорданың 2018-2019 жылғы күз-қыс айларындағы жылыту маусымына дайындық барысын пысықтады.

Егер қала аудандары бойынша саралап өтсек, Байқоңыр ауданы аумағында 452 көп пәтерлі тұрғын үйдің 439-ы орталық жылыту жүйесіне қосылған. Бүгінгі күнде 247 үй жылыту маусымына дайын. Бұл жалпы тұрғын үйлер санының 56 па­йызын құрайды. Есіл ауданында көп қабатты 479 тұрғын үйдің 444-і орталық жылыту жүйесіне, 13 үй ауданның қазандығына, 15 үй автономдық жылыту жүйесіне қосылған. Сарыарқа ауданындағы тұрғын үйлердің 86 пайызында дайындық жұмыстары жүргізілген. Алматы ауданында да жылыту маусымына дайындық жоспарлы түрде атқарылып жатыр. Қазір барлық тұрғын үйлердің 65 пайызы жаңа маусымға дайын деуге болады.
Жауапты маусымға «Астана­энергосервис» кәсіпорнында бекітілген кесте бойынша жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қысқа дайындық жұмыстары «Астана су арнасында» да жоспарға сай өтіп жатқанын мекемелердің басшылары жария етті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button