Қала тіршілігі

Алло, «Астана ақшамы»!

Динара СЕЙСЕНХАНҚЫЗЫ, қала тұрғыны:

– «Шапағат» коммуналдық базарында жәрмеңке болған күндері базар алдында полиция қызметкерлері тұрып алады да, көшеден көлік тоқтатуға мүмкіндік бермейді. Егер азық-түлігімізді машинамызға артып кете алмайтын болсақ, жай күндері тоқтаған машина керек кезінде тоқтамайтын болса, жәрмеңке не үшін ұйымдастырылады?

Осы мәселеге байланысты Астана қаласының ІІБ кезекші бөлімінен төмендегідей жауап алдық.

– Бөгенбай даңғылында жолдың оң жағындағы шеткі жолақ қоғамдық көліктерге арналған. «Шапағаттың» дәл жанында аялдама бар. Автобустар сол жерге тоқтайды. Ал жәрмеңке күндері базардың ауласына көлік кіргізілмейді. Бұл күні базарда кісі көп болатындықтан, «Шапағаттың» алдындағы үйлердің ауласына кіріп кететін кішкентай жол да кептеліс астында қалады. Сондықтан, негізгі жолдар – Бөгенбай даңғылы мен Уәлиханов көшесінде кептеліс туып, қосымша жайсыздықтар болмауы
үшін, жол полициясы қызметкерлері бұл күндері белсенді жұмыс істейді. Егер жәрмеңке кезінде барлық азаматтардың базардың алдына көлікпен келіп, көлігін тоқтатуына ерік беретін болсақ, онда Бөгенбай даңғылында қозғалыс қиындап, қалалық автобустар да жүре алмай, олар екінші, үшінші жолаққа тоқтауға мәжбүр болар еді. Сондықтан, ең бастысы, полиция қызметкерлері жәрмеңке салдарынан жолдардың кептеліске ұшырап, қозғалысқа кедергі келтірмеуін, әсіресе, қоғамдық көліктердің алдында тосқауыл болмағанын қадағалауды міндет санайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button