ЖаңалықтарМәдениет

«АҚ ЖАЙЫҚ» ОҚЫРМАН АРАСЫНДА

акжайык

«Ақ жайық» әдеби-көркем қоғамдық-саяси журналының биылғы бірінші саны оқырманға жол тартты. Таралымы – 7000 дана.

«Ақ жайықтың» жаңа саны «Проза», «Поэзия», «Таным», «Тарих толқынында» сынды айдарлардан тұрады. Айдарлар аясында Бақытгүл Бабаш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау өңіріне жуырдағы сапарын баяндайды. Жүсіпбек Қорғасбектің «Көбелек» атты микророманы, Әлібек Асқаровтың «Боямасыз баяндар» шығармасы, Болат Жетекбайдың, Ғалым Жайлыбайдың, Саадат Нұрмановтың өлеңдері жария­ланған. Махамбет Өтем­ісұлының 210 жыл­дығына орай Амангелді Шамғонов батырдың туған жылы мен туған жері туралы зерттеуін ұсынады.

Байбота Қошым-Ноғайдың «Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда», Бауыржан Омаровтың «Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығы және ұлт тағдыры» атты тарихи жазбалары талай сырға қанықтыра түседі. Қос қаламгер – Мақсат Тәж-Мұрат пен Әнес Сарайдың сұхбаты өрелі оқырманның танымын арттырып, өткенге бір сапарлатары тағы сөзсіз.

Журналды парақтай отырып, Илья Жақановтың Тәңірберген Молдабай жайында, Табыл Құлиястың Тана батыр жайында сыр толғағанын оқимыз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button