Жаңалықтар

Ақаулы көліктер анықталды

Астанада «Ақаулы көлік құралы» жедел алдын алу іс-шарасы өтті.
Іс-шара пайдалану талаптарына, техникалық регламенттеріне және ережелер нұсқауларына сәйкес келмейтін көлік құралдарын жүргізген тұлғаларды анықтауға бағытталды.
Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері полиция қызметкерлері 1818 жол жүру ережесін бұзғандарды анықтады. Оның ішінде көлік құралын басқару ережесіне сәйкес, жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтамағандар саны – 547, маневр ережелерін бұзғандар – 59, масаң күйде көлік құралын жүргізгендер – 33, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп кеткендер – 51, техникалық тексерістен өтпегендер саны – 106, авариялық жағдай туғыз­ғандар – 8, сыртқы жарық түсіру құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғандар саны – 187.
Сонымен қатар, «Ақаулы көлік құралы» іс-шарасы басталғалы 78 тұлғаға көлік құралын пайдалануға тыйым салынып, 67 авто айыппұл тұрағына қойылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button