Жаңалықтар

Полиция департаменті құрылды

Жергілікті полиция мен ішкі істер департаменті біріктіріліп, полиция департаменті құрылатын болады. Бұл туралы Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, жаңадан құрылатын полиция департаментінің бастығын Ішкі істер министрінің ұсынысымен әкімдер тағайындайды және жұмыстан босатады. Ол Президенттік кадрлық резервте тұрған кәсіби мамандардан іріктіледі.
«Бұған дейін жергілікті полиция басшысын әкімдер, Ішкі істер департаментінің басшысын Ішкі істер минис­трі тағайындайтын. Алайда бұл басшылардың (нақтырақ айтсақ, облыс пен аудан басшыларының) арасында қарама-қайшылықтар орын алды. Сол себептен заңға өзгеріс енгіздік. Жергілікті полиция бөлек құрылым ретінде ІІД-нің қарауына өтеді. Полиция департаментінің бастығы жылына бір рет халық алдында есеп беретін болады» деп түсіндірді Е.Тұрғымбаев. Заң жобасындағы тағы бір түзету полицейлердің тұрғын жайын жекешелендіруіне қатысты болмақ. Яғни, полицияда табандылықпен 20 жыл, ал кейбір жағдайларда 10 жыл жұмыс істеген қызметкерлер баспанасын тегін жекешелендіре алады.

Төлен ТІЛЕУБАЙ

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button