Қоғам

Шынайы қамқорлық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсын­ған бес әлеуметтік бастама – бұл елдің әрбір азаматына деген қамқорлық. Президент аға буын мен жастарды толғандыратын ең маңызды мәселелерді көтерді.

Біздің болашағымыз қолжетімді және сапалы жоғары білімге тәуелді. Қазіргі таңда 530 мыңнан астам жас қазақстандықтар еліміздің жоғары оқу орындарында білім алады, олардың 30%-ы тегін негізде. Елбасының бес әлеуметтік бастамасындағы білім алуға қосымша 20 мың грант бөлу, мектеп түлектеріне аса серпін береді деп есептеймін. ҰБТ жүйесіндегі реформалар және әлемдік стандарттар арқылы білім жүйесін құрумен қатар, қосымша гранттар елімізге жаңа 20 мың тәжірибелі мамандарды даярлайды. Сондай-ақ, студенттерімізді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Елбасы 2022-ші жылдың соңына дейін 75 мың орыннан кем емес студенттік жаңа жатақханалардың құрылысына тапсырма берді. Бұл – қала және ауыл жастарының білім алуына барлық жағдай жасалады деген сөз.
Жақын арада Астанаға көптен күткен газ келеді. Бас қалаға газ тарту жөніндегі көптеген жылдарға созыл­ған күрделі мәселе өз шешімін та­бады. Еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз ету Елбасының бесінші әлеуметтік бастамасы болып табылады. Расында, Қызылорда облысынан тартылатын газ қала тұрғындарына таза ауаны оңалтып, атмосфераға зиянды қалдықтардың шығарылуын біршама азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады. Бұл қарапайым халық өмірінің сапасына және отбасылық бюджеттің үнемдеуіне әсерін тигізеді. Көк отынды 2 миллион 700 мың қазақстандық тұтынатын болады. Бар мәселе айтылған уақытта іске асырылатынына үміттенеміз. Ал біз, депутаттар, өз тарапымыздан Елбасы бастамасының сапалы іске асуына жедел жәрдемдесетін боламыз.

Қарақат АБДЕН,
Астана қалалық
мәслихатының депутаты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button