Жаңалықтар

Ақжайықтан – Астанаға тарту

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Ақжайық өңірі гүлзар мен Кеңес Ода­ғының батыры Мәншүк Мәметова ескерткішін  тарту етеді.

Кеше Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарла­малық мақаласы аясында ат­қарылған істер туралы есеп берген БҚО әкімі А.Көлгінов осылай деп мәлімдеді. Жоспар бойынша, желегі майысқан саябақ Жеңіс пен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында, бұрынғы сүріліп тас­талған үйлердің орнындағы 1,5 га аумақта орналаспақ. Ал саябақ ішінде қайсар қыз Мәншүк Мәметованың ескерткіші қасқайып тұрады.
– Елдің басқа аймақтары елордаға қарап бой түзейді. Астананың қала шаруашылығындағы оң үрдіс, таңсық тәжірибелерінен там-тұмдап игеріп, облыс орталығы Оралда қолданып жатырмыз, – деп атап өтті өз сөзінде А.Сейдірұлы. Мәселен, былтыр қалалық әкімдік жанынан «Smart Uralsk» халыққа қызмет көрсету орталығы ашыл­ды. Тұрғындар ол жерде 618 түрлі мемлекеттік қызметке жүгіне алады. Сондай-ақ, «Smart City» бағдарламасы аясында 30 жоба жүзеге асып жатыр. Олардың қатарында «Қауіпсіз қала», «Ашық әкімдік», «e-KCK», құрылыс саласындағы BIM-технологиясы, балабақшаға электронды кезек, смс арқылы жол­­­ақы төлеу жүйелері уақыт үнемдеп, адам факторын азайтуға айтарлықтай ықпал етеді.

Әділбек ЖАПАҚ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button