Жаңалықтар

Олимпиада көгінде – қазақ туы

Кеше Оңтүстік Корея­ның Пхенчхан қаласынан ақжолтай ақпарат жетті. Паралимпиада тарихында Қазақстан спортшысы тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды.

Шаңғы спортының бағдарламасы бойынша 1,5 километрлік спринт жарысында қазақстандық Александр Колядин мәре сызығын бірінші болып кесті. Аяғында протезы бар жерлесіміз жарыс жолын 4 минут 19,7 секундта бағындырды.
Күміс жүлдеге жапония­лық Иошира Нитта ие болса, қола медаль канадалық Марк Аренцке бұйырды.
Қостанайлық шаңғышы­ның құрметіне Олимп тұғырында Қазақстанның көк байрағы көтеріліп, әнұраны шырқалды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button