БілімҚала мен Сала

ӘРІПТЕСТІК АЯСЫ КЕҢЕЙДІ

ZAH_4614

Кеше «Rаdisson» қонақ үйінде Елбасының «Қазақстан – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» атты V қалалық форум өтті.

«Елордалық колледждерде дуальды жүйе белсенді енгізіліп жатыр, онда оқу уақытының 65%-ын оқушылардың тәжірибелік дағ­дыларын дамытуға жұмсау көз­делген. Мүдделі жұмыс берушілер студенттерге жұмыс үдерісімен танысу үшін өздерінің базаларын ұсынады. Өткен оқу жылында кәсіби дағдыларды жетілдіру аясында 10500 студент кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтті. Биылғы оқу жылында 11 мың студент осындай мүмкіндікке ие болмақ» деді форумда Астана қаласы білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева.

Қазіргі кезде Астана қаласының 34 колледжінде 28 мыңнан аса бо­лашақ маман білім алуда. Тех­ни­­калық және кәсіптік білім беру жүйесі 66 түрлі мамандық пен 113 квалификацияны қамтиды. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен соңғы үш жылда жергілікті бюджеттен бөлінетін мемле­кеттік білім беру тапсырысын ұлғайтудың есе­бінен техникалық мамандықтар бойынша студенттер контингенті 30%-ға артқан. 2013 жылы кол­ледждердің материалдық-тех­ни­калық базасын дамытуға 204 млн теңге, соның ішінде 70 миллионы жергілікті бюджеттен бөлінді. Биыл 185 млн теңге бөлінді.

ZAH_4604

Негізі, әріптестік меморандумдар мен жаңа келісімдерге қол қоюды, оқу орындары мен өндірістік кәсіп­орындар арасындағы байланыс­ты тереңдетуді, кәсіптік және тех­ни­калық білім беру ұйым­дарын дамытуды, орта буын мамандарының мәртебесі мен имиджін көтеруді мақсат тұтқан бас қосуға Астана қаласының әкімдігі, Білім және ғылым ми­нистрлігінің өкілдері, жұмыс бе­­ру­шілер, мәслихат депутаттары, қо­­ғам қайраткерлері, ардагерлер, тех­ни­калық және кәсіптік білім ұйым­дарының қызметкерлері  қатысты.

Форум соңында техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін әлеу­меттік серіктестер, білікті мамандар даярлайтын өндірістік оқы­тудың шеберлері Астана қаласы әкім­ді­гінің алғыс хаттарымен, мадақ­та­маларымен марапатталды.

Жұма ҒАЗИЕВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button