Қала тіршілігі

АРҚА ТӨСІНДЕ МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТОҒЫСАДЫ

5b370dac2b94df1c72438ef524d97427

«Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті фестивалі соңғы алты жылда ең тартымды әрі қызықты жоба екенін дәлелдеді. 4-7 шілде аралығында сағат 11:00-де «Хан шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы алаңында өтетін дәстүрлі шара бір замандарда Арқа төсін дүрілдеткен жәрмеңкеге немесе думанды қазақ ауылына ұқсайды.

Биыл мұнда көрмеге арналған шатырлы кешен бой көтермек. Бұл –қос тәрізді шатырлармен қоршалған әрі арқанмен тартылған құрылыс түрі. Тағы бір жаңалығы – ат құлағында ойнайтын бозбалалар өнер көрсетуі үшін 1600 шаршы метр аумаққа құм төгіледі. Сонымен бірге «Жел жады» инсталляциясы мен әдет-ғұрып голографиялық театрына арналған шар тәрізді кешен тұрғызылады.

Көшпелілер өркениеті фестивалі аясында мынадай шаралар ұйымдас­тырылады:

– әдет-ғұрып голографиялық театры –актерлер мен шеберлер виртуалды сахна кеңістігінде әдет-ғұрыптарды көрсетеді. Әр рәсімнің көрерменді біресе өзен жағасына, біресе киіз үйге орналастыратын өзіндік голографиялық сахнасы жасалды;

– дәстүрлі музыка концерті – дәстүрлі түркі музыкалық мұрасының жанрлық әр алуандығы көрініс табады;

– ақындар айтысы – ақындар қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ, қайым және түре айтыстары бойынша сынға түседі;

– «Ат жалында» ат-спорты шоуы;

– жамбы ату – қатысушылар өздерінің мергендіктерін сынға салады;

– ұлттық қолданбалы өнер жәрмеңкесі – шатырлы жәрмеңке кешенінде зергерлік бұйымдар, ұлттық ыдыс-аяқ, тоқыма, ағаш бұйымдары сатылады. Шара барысында қолданбалы өнерден шеберлік сағаттары өтеді;

– көшпелі цирк;

– «Киіз басу» этношоуы;

– «Алтын сақа» спорт сайысы;

– «Фольклорға толы өмір» этношоуы – шараға өз ұлтының фольклорлық мұрасын сақтаған түркі халықтарының өкілдері қатысады;

– ұлттық қазақ аспаптарының шеруі;

«Киім тарихы» шоуы – мұнда көшпелі ұлттардың XIX ғасырға дейінгі киімдері көрсетіледі;

– балаларға арналған «Менің кішкентай киіз үйім» шеберлік сағаты – дәстүрлі шарада жас буынға киіз үй құрылысы мен оны тігудің қыр-сыры толық баяндалады;

– музыкалық аспаптар көрмесі – келушілер ғасырлар бойы сақталған жәдігерлерді көріп әрі ұстап қана қоймай, оның шығу тарихымен танысып, үнін тыңдай алады;

– қыран құс пен тазы көрмесі – мұнда қонақтары саятшылық сырларымен танысып, аңға шығу салтын сақтаған ізбасарлармен тілдесе алады;

– ұлттық тағам: қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарымен танысып әрі оның дәмін тата алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button