Қоғам

«Астана ақшамы» газетіне жазылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Астана қаласындағы «Қазпочта» АҚ бөлімшесіне барып, бірқатар басылымға жазылды.

– Өздеріңізге белгілі, биыл Президент тапсырмасына орай ­Балалар жылы болып жарияланды. Өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беру – мемлекеттің басым бағытының бірі.

Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаев жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығын ауылдарды дамыту мәселесіне арнағаны белгілі. Сондықтан ауылдардың баспасөзбен қамтылуы, оларға басылымдардың уақытылы жетуі аса маңызды. Бүгінгі жасалып жатқан нақты істер өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

«Қазпочта» АҚ-пен ақпарат саласын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Оның аясында республикалық және өңірлік баспа басылымдарын уақытылы жеткізуді жүзеге асыру жөнінде келісім де бар. Енді «post.kz» қосымшасы арқылы онлайн жазылуға да болады. Сонымен бірге Kaspi Bank арқылы жазылу да пысықталуда. Жалпы баспа басылымдарына онлайн жазылу үшін министрлік тарапынан қолдау жұмысы жасалып жатыр. Бұл туралы жаңалықты, бұйырса, алдағы уақытта тағы хабарлаймыз. Осы ретте ауқымды жұмыстарды қолға алған «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасоваға ризашылық білдіремін, – деді Дархан Қуандықұлы.

Қос министр «Қазпочтаның» бөлімшесінде балалар басылымы «Ұлан», «Балдырған», «Дружные ребята», республикалық басылымдар «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Түркістан», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газетіне жазылды. Бізді қуантқаны, министрлер елорданың айнасына айналған, бас қаланың басты басылымы – «Астана ақшамы», «Вечерняя Астанаға» жазылды. Сөйтіп, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бір күнде елордалық журналистерге қос қуаныш сыйлады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button