Қала тіршілігі

«ASTANA BIKE» БЕКЕТТЕРІ АШЫЛАДЫ

велосипедтерді жалға беру

Таяуда елордада «Аstana Bike» велосипедтерді жалға беру желісі іске қосылды. Биыл озық техникамен жабдықталған екі жүз велосипедке арналған қырық бекет ашылады. Бекеттер Есілдің сол жағалауында бір-бірінен 300-500 метр қашықтықта орналасқан.

Іс-шараға қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
«Біріншіден, біз ауылда велосипед теуіп өстік. Жалпы, қазақтың қай қарасирақ баласын алма, оның балалық шағындағы арманының бірі велосипед сатып алу, велосипед тебу болды. Ал, енді біздің қалаға келетін болсақ, Астанамыз – әдемі үздік қалаларының қатарында деп есептеймін. Күннен-күнге өсіп, ірге кеңейтіп келеді. Сондықтан, бұл оның экологиясын сақтау үшін қолайлы. Екіншіден, велосипед тебу – спорттың бір түрі. Денсаулыққа пайдалы» деді шаһар басшысы.
Велосипедтерде қуат көзі ретінде күн батареялары қолданылады. Сондай-ақ, олар төзімді шиналармен, GPS жүйелерімен және басқа да жаңаша құралдармен жабдықталған. Бөлшектерінің бәрі бірегей және бір ғана экокөлікке жарамды. Жалпы, елордада 2017 жылға дейін 1000 велосипедке арналған 100 бекет іске қосылмақ.

Жұма ҚАЗИЕВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button