Қала тіршілігіМәдениет

ЕСІЛДЕ ЕСКЕН ӘУЕН ТҮН ТЕРБЕТТІ

Әуен-ағыс

Астана күні мерекесіне арналған мәдени шаралардың бірегейі Есіл өзені жағалауында, ашық аспан астында өткен «Әуен-ағыс» классикалық музыка кештері болғаны айқын. Бір айтарлығы, айтулы концерттің көрермені жыл санап көбейіп келе жатқанын аңғардық.

Өзен үстінде қатарынан үш күн бойы өткен классикалық музыка кештерінде арнайы жасалған орындықтардың бірде-біреуі бос қалмады. Ал өзен үстіндегі сахнада орналасқан оркестрге, оның орындаушыларына қарап тіптен көңілің аспандай түседі екен. Концерттер күнде кешкі сағат тоғызда басталды. Содан түн ортасына дейін классикалық музыка үні Есіл ағысымен әуелеп кете берді.

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстан камератасы» мемлекеттік оркестрінің көркемдік жетекшісі Гауһар Мырзабекова бастаған өнерпаздар қалың көрерменді керемет әсерге бөлегеніне көз жеткіздік. Құрманғазының «Балбырауын», Штраустың «Радецкий марш», Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», Моцарттың «Рондо в турецком стиле» және басқа да симфониялық әуендері орындалғанда тыңдарман көңілі Есілдің толқынымен үндесіп, тамаша шабытқа кенелгені сөзсіз. Шолпан Оңғарова, Мұса Керімбаев, Еркебұлан Сапарбаев және Мұрат Нарбеков сынды солистердің құйқылжытып салған әндері түнгі елорданы тербетіп тұрғандай әсер берді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button