SportҚала тіршілігі

«Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясы

«Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің ерекше 

қамқорлығында болуы керек. Нақ сол саламатты 

өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады».

Н.А. Назарбаев

ac12c76e6e18a2c46cf4f475e6c

Астана қаласының әкімдігі 2016 жылғы 15 тамыздан бастап «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» атты бірегей акция өткізеді. Мақсаты – астаналықтарды спортқа баулу. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті» болып саналады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары аясында маңызды міндет қойылды – 2020 жылға қарай халықтың 30%-ын дене шынықтыру мен спортқа тарту. Осыған байланысты бір ай бойы елордалық спорт алаңдары мен саябақтарда түрлі бұқаралық спорттық жарыстар ұйымдастырылды, оған мыңдаған қала тұрғыны қатысты. Акцияның ұраны: «Емделген емес, ауырмаған адам сау болады».

Акцияның негізгі міндеті

Дені сау жас ұрпақты тәрбиелеу, балаларды, жастарды және қарияларды, яғни барлық жастағы азаматтарды спортқа тарту осы акцияның басты міндеті болып табылады. Сол себепті елордада бұқаралық спортты дамытуға жағдайлар жасалады.

«Көңілді старттар»

Акция 15 тамызда басталып, 15 қыркүйекке дейін өтеді. Осы уақыттың ішінде елордалық спорт алаңдарында қызықты спорттық жарыстар ұйымдастырылады, оған ниет білдіргендердің бәрі де қатыса алады. Мысалы, әр демалыс сайын Астананың 9 паркінде сағат 18.00-20.00 аралығында зілтемір, гір көтеруден жарыстар, стритбол, шахматтан сайыстар, арқан тарту, сондай-ақ, отбасыға арналған «Көңілді старттар» өткзілді.

Жарыстарға 5-6 жастағы балалар, ата-аналар және ата-әжелер қатысты. Күн сайын 4500 жуық адам өнер көрсетті. Қатысушылар естелік сыйлықтармен және жүлделермен марапатталды.

«Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясы аясында «Есіл», «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының өндірістік ұжымдары шағын футболдан жарыста өзара шеберлік байқасты.

Аула клубтарының арасында өткен «Көңілді старттарға» қала тұрғындары тұтастай отбасыларымен қатысты.

Велоспорт кеңінен танымал болып келеді

Елордада велоспорт кеңінен танымал екендігін ескере келе, екі бұқаралық жарыс ұйымдастырылды: «Ардагерлер мен әуесқойлар арасында велоспорттан Қазақстан кубогының II кезеңі» және маунтинбайк жарысы.

Қазақстан кубогына астаналықтардан басқа, алматылықтар, қарағандылықтар және еліміздің өзге өңірлерінің де тұрғындары қатысты. Айта кетейік, жарыста 65 жас және одан жоғары санат та болды. Қатысушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр даңғылдары жартылай жабылды, жол полициясының қызметкерлері еріп жүрді.

Маунтинбайк жарысына 10-65 жастағы елорда тұрғындары қатысты. Қатысушыларға қойылған жалғыз талап – шлем мен байктың болуы.

Астаналық спортшылардың арасында байдаркамен ескек есу, стендтік ату, шахмат, тоғызқұмалақ, хоккей және футбол, кроссфит, жүрдек мәнерлеп жүргізу және т.б. спорт түрлерінен чемпионаттар өткізілді.

Акция аясында ірі спорт кешендерінде Ашық есік күндері өтті. Кез келген адам «Дәулет» СК Ұлттық теннис орталығында заманауи кортта тегін теннис ойнау мүмкіндігіне ие болды.

«Астана Марафон – 2016»

4 қыркүйекте өтетін «Астана Марафон – 2016» халықаралық қайырымдылық шарасы акция аясындағы ерекше оқиға болады, оған 5000 астам адам қатысады деп күтілуде.

Қайырымдылық марафонға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Ә.Р. Жақсыбеков, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары қатысады. Осылайша мемлекеттік қайраткерлер ұлт саулығы, қазақстандықтардың салауатты өмір салтын ұстануы мемлекетіміздің басым міндеті болып табылатынын дәлелдемек.

Марафонға Qazaq Banki, ERG, KazTechInnovations, Astana  Marriott Hotel, KPMG «Самұрық-Қазына» және BI-Group сынды компаниялар, сондай-ақ, таяу және қиыр шетелден, барлығы 23 мемлекеттен атлеттер, елшіліктер мен халықаралық компаниялардың қызметкерлері қатысады.

Атап айтқанда, Ұлыбритания, Малайзия, Польша, Чехия, Италия, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Австралия, Германия, Иран, Ресей, Ирландия, Бельгия, Эстония, Бразилия, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Венесуэла, Түркия, Грекия, Жапония елдерінің өкілдері марафонда бағын сынайды.

Елордада Марафонды өткізуге байланысты сағат 7:30-14:00 аралығында орталық көшелерде қозғалыс тоқтатылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары уақыт үнемдеп, жолдарда дау туғызбас үшін өз бағдарларын алдын ала жоспарлаулары керек. Астана қаласының әкімдігі уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұрайды.

Жарыстар, турнирлер, чемпионаттар

4 қыркүйекте Астанада Марафоннан басқа, 15-тен артық жалпықалалық спорттық шара өткізу жоспарланған. Оған 7000 жуық елорда тұрғыны мен қонағы қатысады деп күтілуде.

Мысалы, «Жерұйық», «Астаналық», «Астана Триатлон» саябақтарында асық ату, арқан тарту жарыстары, сонымен қатар веложарыс өткізіледі. Жарыстар сағат 10.00 басталады, оған ниет білдіргеннің бәрі қатыса алады.

Жақын аймақтардың және елордалық спортшылардың арасында үстел теннисінен, шахматтан, шағын футболдан, жеңіл атлетикадан, су полосынан және ат спортынан турнирлер ұйымдастырылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

4 қыркүйекте «Барыс» спорт кешенінде елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған Ашық есік күні өтеді. Шара аясында кез келген адам мұз айдынына шығып, «Барыс» ХК жетекші бапкерлерінің шеберлік сыныптарына қатыса алады.

2016 жылғы 5-15 қыркүйек аралығында акция аясында 2000 артық адам қатысатын 10 шара өткізу жоспарланған.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 10 қыркүйекте № 71 ОМ «Есіл» ауданының мектеп мұғалімдерінің арасында волейболдан турнир өтеді.

11 қыркүйекте «Астана Триатлон» саябағында «Отбасылық Дуатлон» өтеді. Ата-аналар мен балалар осы жарысқа бірге қатысып, салауатты өмір салтының қажеттілігін көрсетпек.

Акция аясында велоспорттан Қазақстан Республикасының Чемпионаты (4 күндік топтық жарыс), Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан, таеквондодан «Корея елшілігінің кубогы» республикалық турнирі өтеді.

2016 жылғы 7-10 қыркүйек аралығында «Қазанат» ипподромы аумағында «Астана жұлдызы» спорттық жарысында бас жүлде сарапқа салынады. Аталған жобаның негізгі міндеті – өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлеріне, салт-дәстүрімізге, мәдениет пен тұрмысқа баулу. «Астана жұлдызы» көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ, теңге алу және т.б. ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Жобаға еліміздің үздік спортшылары қатысады.

11 қыркүйекте Қабанбай батыр ауылында ат спортына әуес жандар 51 шақырымдық аламан бәйгеде «Алтын Тұлпар» үшін таласады. Жарыс «Қазспорт» және «Қазақстан» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жалпы, «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясы аясында түрлі сипаттағы 50 шара өткізілмек, оған 50 мыңнан астам адам қатысады.

Барлық астаналықтарды отбасыларымен бірге спортпен шұғылдануға шақырамыз. Бұл үшін барлық аудандарда және әр аулада қолайлы жағдайлар жасалатын болады. Зиянды әдеттерден бас тартып, темекі шегуді тастауға және спирттік ішімдіктер ішпеуге шақырамыз. Уақытты теледидар алдында босқа өткізбей, бүкіл отбасыңызбен бірге бұқаралық спорттық шараларға қатысыңыздар, таза ауа жұтып, бойға қуат жинап, сергіп қайтыңыздар.

Салауатты өмір салты сіздің жетістіктеріңіз бен отбасыңыздың ауқаттылығының артуының 90% кепілі болып табылады.

astana.gov.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button