Sport

«АСТАНА» – «ҚАЙРАТ»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕРБИ МЕ?!

_DSC7029_03

Футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші туры ойындары өтті. «Астана» өз алаңында қарағандылық «Шахтер» командасын қабылдап, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

«Астана Арена» стадионына жиналған жанкүйер алдында «Шахтер»  чемпиондық мінезін көрсеткендей болды. Екі жақ та қорғанысқа аса маңыз беріп бастаған ойынның 30-ыншы минутын астаналық Фокси Кетевоама шығарған әдемі пасты Сербия жастар құрамасының капитаны, жас­тар арасындағы Еуропа чемпионы Неманья Максимович ұтымды пайдаланып, ала допты баспен ұрып, «Шахтер» қақпасына тулатып түсірді. Ал бірінші таймның соңғы минутында қонақтар есепті теңестіріп жіберді. Осылайша өзара тартысты өтіп жатқан ойын барысында дүркін-дүркін шабуылдар ұйымдастыра білген алаң иелері «Шахтер» қорғанысынан бәрібір бір саңылау тауып кетті. Тағы да сол Фоксидің тамаша пасы бір мергеніміз Каньяс мүлт жібермеді. Ол да бас­пен соқты. Қалған уақытта есеп өзгермеді. Осылайша «Астана» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал елордалық команданың негізгі қарсыласы болып алған «Қайрат» та Алматыда талдықорғандық «Жетісу» командасын ұтты. Көптеген жанкүйерлер бүгіннің өзінде чемпиондық атақ үшін биыл да Астана мен Алматы командалары өзара бәсекеге түседі деп айтып жүр. Мүмкін солай да болар. Ең бастысы, екі мегаполистің арасында шынайы  тартыс болғай. Сонда ғана қазақстандық дербиді көретін боламыз.

9Премьер-лиганың басқа ойындарында мынадай нәтижелер тіркелді: «Қайрат» – «Жетісу» 2:0, «Ордабасы» – «Атырау» 2:0, «Тобыл» – «Оқжетпес» 0:2, «Тараз» – «Ақтөбе» 0:1, «Қайсар» – «Ертіс» 0:0.

«Астана» келесі ойында 21 наурыз күні Атырауда өткізеді. Ал өз алаңындағы кезекті матчта «Ақтөбе» командасын қабылдайды. Бұл ойын 5 сәуірде өтеді. Оған дейін, яғни, 28 наурыз күні  «Астана Арена» стадионында Еуропа чемпионатының топтық іріктеу турнирі аясындағы Қазақстан – Исландия құрамалары арасындағы матчты тамашалайтын боламыз.

  Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button