Жаңалықтар

Астанада абаттандыру ережелерін бұзған 700 ШОБ субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері ЖПҚ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 4 104 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, ҚР ӘҚБК 505 б. бойынша салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 52 028 030 теңгені құрады, (33 769 970 теңге өндіріп алынды).

c-2

Жас көшеттерді күту және қорғау ережелерін бұзғаны үшін 400 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1 855 875 теңгені құрады (731 745 теңге өндіріп алынды).

Айналасындағы аймақты ҚТҚ-дан, құрылыс және ірі көлемді қоқыстан тазалауды сапасыз және уақытылы ұйымдастырмағаны үшін,  ғимараттардың қасбеттерін дұрыс күтпегені, кіреберістердің алдында хабарландыру тақталарының болмағаны үшін қызмет көрсетуші 146 ұйым 6 299 370 теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 693 шағын және орта бизнес субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде дүкендер, дәмханалар, сауда үйлері, бизнес-орталықтар, дәріханалар және сұлулық салондары бар. Айналасындағы және бекітілген аумақты қоқыстан уақытылы тазаламағаны, ғимараттардың қасбеттерін және қоршауларды жөндемегені, кіреберіске қоқыс тастайтын жәшіктер орнатпағаны, белгіленбеген жерлерге хабарландырулар ілгені үшін салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 22 821 960 теңгені құрады.

astana.gov.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button