Жаңалықтар

АСТАНАДАҒЫ АУА РАЙЫ

«Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, осы аптада Астанадағы ауа райы бірқалыпты болады деп күтілуде.

Дүйсенбі күні температура +24 градусқа дейін көтерілсе, сейсенбі мен бейсенбі аралығында бұл көрсеткіш +16 және +18 градус төңірегінде болмақ. Ал желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. Жұмаға қарай күн ысып, ауа температурасы +21 градусқа дейін жетеді. Жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін. Бірақ демалыс күндері аспан қабағы ашылып, сынап бағанасы +25 градусты көрсетеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button