Ел тынысы

Астаналықтар – чемпион

Қызылорда қаласында ерлер, әйелдер және ардагерлер арасында классикалық шахматтан өткен Қазақстан чемпионатында Астана қаласының құрама командасы жеңімпаз атанды. Чемпионатқа еліміздің 11 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 86 шахматшы қатысты.

Ерлер мен әйелдер арасындағы классикалық шахматтың қорытындысы бойынша 7 кездесуде де басым болған Астана қаласының құрама командасы жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Құрама сапында Аслан Айтбаев, Аян Ахметов, Әлішер Мажкенов және Амина Қайырбекова өнер көрсетті. Ал Қызылорда облысының құрамасы күміс медальға қол жеткізсе, Павлодар облысының спортшылары қола жүлдені еншіледі.
Ардагерлер арасындағы бәсекеде Алматы қаласының спортшылары алтыннан алқа тақты. Жүлделі екінші орынға Владислав Насыбуллин, Арман Оспанов, Құнанбай Сағнаев және Әлфия Төребаева бастаған астаналық ардагер спортшылар ие болды. Ал қоланы Жамбыл облысының ардагерлері қанағат тұтты.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button