Құқық

Әуежайдан 1,6 млрд ұрлаған

Есіл ауданы №2 сотында Нұр-Сұлтан әуежайының бұрынғы қызметкерлеріне үкім оқылды. Әуежайдан ірі көлемде ақша ұрлаған экс-қызметкерлер ұзақ мерзімге сотталды.

Есіл ауданы №2 сотында «Астана» халықаралық әуежайының» бұрынғы бас есепшісі Бабашева алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде ақша жымқырғаны және Қылмыстық кодекстің 367-бабы 3-бөлігі, 2-тармағы, 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша пара бергені үшін кінәлі деп танылған. Сондай-ақ оның орынбасары Палманова, бухгалтерлер Баяндина, Үзденбаева, Елубаева, «НК Билдинг» ЖШС директоры Сейітова және Бабашев 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы және 28-баптың 5-бөлігі бойынша ұрлыққа қатысқаны үшін сотталды. Сотта анықталғандай, бұл адамдар 2016 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуіріне дейін жалған келісімшарттар мен қаржылық құжаттар бойынша 33 заңды және жеке кәсіпкерлердің есеп айырысу шоттарына ақша аударып, кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдырып, 1,6 миллиардтан астам теңгені жымқырған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button