Басты ақпарат

Ауласымен ажарланған астана

Ел ордасы – Нұр-Сұлтан қаласының келбеті күн өткен сайын көркейіп келеді. Соңғы жылдары қаланың әр аумағында пайда болған қоғамдық кеңістіктер елорда тұрғындарының игілігіне айналып отыр.

 

[smartslider3 slider=3845]

 

Күні кеше аталып өтілген Конституция күні мерекесінде тағы да бірнеше жаңа аулалар ашылды. Елорданың Абай даңғылы 50 және А.Бараев көшесі 3 мекенжайында орналасқан үйлердің маңында жаңа аулалар пайдалануға берілді.

Бұл жерлердегі балалардың ойын алаңдары жаңартылып, қайта жөнделгеннен кейін тұрғындардың демалысына қолайлы ортақ алаң пайда болды. Қоғамдық кеңістіктің салтанатты ашылу рәсімі Конституция мерекесімен тұспа-тұс келгені көпшілікті қуантты.

Жиналған тұрғындар мен кішкентай балақайлар алаңда көңілді аниматорлардың қызықты ойындарына қатысып, балалар арасында өткен футбол турнирінің куәсі болды.

Сол күні «Кирпичный» тұрғын алабындағы Ырыс,1 мекенжайында орналасқан үйдің маңында да жаңа ойын алаңы ашылды. Ата Заң мерекесімен тұспа-тұс келген балалар алаңының ашылуы үлкен мереке ретінде аталып өтті.

Жаңа алаңның ашылғанына шын жүректен қуанған тұрғындар өздерінің ризашылықтарын білдірді.

– Ата Заң мерекесі күні ауламызда жаңа алаң ашылып, қуанышымыз еселеніп жатыр. Осындай салтанатты шараға қатысқаныма қуаныштымын. Бізге осынша шаттық сыйлаған аудан әкімдігіндегілерге зор денсаулық, еңбектеріне табыс тілеймін, – деді елордалық Айнұр Ахметова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button