ЖаңалықтарҚоғам

АЯЗ АТА БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

Жаңа жылдық шыршаны әрбір бала жыл сайын асыға күтеді. Себебі дәл осы жаңа жылда Аяз ата мен Ақша қар балалардың көңілін көтеріп, сыйлық береді.

erm_5803

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Есіл ауданы әкімінің атынан жаңа жыл шыршасы өтті. Жаңа жылдық балға аудандағы жетім, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балалар қатысты.
Жалпы жаңа жылға арналған мерекелік ойын-сауық бағдарламасы балалардың көңілінен шықты. Себебі, «Аяз атаның сиқырлы таяғы» ертегісі желісінде дайындалған қойылымда әртүрлі бағдарламалар ойнатылды.
Есіл ауданы әкімінің орынбасары Гүлнар Қасенованың айтуынша, жаңа жылдық шыршаға 200-ге жуық балалар қатысқан. Оларға аудан әкімі тарапынан мерекелік сыйлықтар беріліп, мәз-мейрам етті.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button