Sport

Азия үздіктері анықталды

Астанада киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионаты өтті.

Елорданың 20 жылдығына орай өткен біріншілікке 12 елден 250 спортшы қатысты. Каратэшілер Иран, Ирак, Үндістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Жапония, Моңғолия және Түрікменстан елдерінен келді.

Екі күнге жалғасқан сайыстың жеңімпаздары ката және кумитэ түрлері бойынша 12 жастан бастап және 35 салмақ дәрежесінен жоғары санаттарда анықталды.

Турнирдің ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Республикалық ұлттық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Омархан Өксікб аев, Халықаралық киокушинкай-кан каратэ ұйымының президенті Хотцуо Рояма қатысты.

Жалпы есепте Қазақстан 96 медаль еншілесе, Иран – 8, Тәжікстан – 4, Жапония – 3, Ресей – 3, Өзбекстан мен Қырғызстанның әрбірі 2 медальдан алды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button