Басты ақпарат

Бабалар бәйтерегін балалар саялайды

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың айналасына егілген жасыл белдеуді аралап, ондағы көшет отырғызу жұмыстары мен қырғауылдарды еркіндікке ұшыру шарасына қатысты.

Жасыл белдеуді аралап шыққан Елбасы орман шаруашылығының қызметкерлерінен Астана маңына көшет отырғызу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын сұрады. Жұмыстың игі бағытта жалғасып жатқанын көрген Президент бұл шаруаларға көңілі толатынын білдірді. Қолына күрек алған Нұрсұлтан Әбішұлы «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарымен бірге қайың көшеттерін отырғызды. Одан ке­йін Мемлекет басшысының қатысуымен тордағы қырғауылдар еркіндікке ұшырылып, орман жануарларының қатарын толықтырды. Мамандардың мәліметінше, 20 жылдың ішінде мұнда 8 мыңнан аса қырғауыл әкелінген екен. Биыл қолдан ұшырған қырғауылдар санын 9 мыңнан асырған соң ары қарай өздері табиғи жолмен көбейетінін айтады мамандар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button