Саясат

Елді елең еткізген

ПУТИН-ТРАМП: КЕЗДЕСУ ОРНЫ БЕЛГІЛІ

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың бірінші толық форматты кездесуі өтетін жер мен уақыты белгіленді. 

 Кеше белгілі болғанындай, екі алып ел басшыларының саммиті Хельсинкиде 16 шілде күні өтеді. Бұған дейін олар бір-бірімен әртүрлі шаралар барысында кездесіп келді. Бір жыл бұрын, 2017 жылғы қарашада, Вьетнамда өткен саммитте қысқаша сөйлесіп үлгерді. Дегенмен екіжақты кездесудің жеке форматы біраздан бері ойластырылып жүр еді.
Ақ үй мен Кремль бұл кездесуді іс жүзінде екіжақты келіссөзді бастап беретін қадам болады деп есептеп отыр. Алайда Мәскеу алда тұрған саммитте халықаралық өзекті мәселелер талқыланады десе, Вашингтон қауіпсіздік мәселелері алға тартылатынын айтып отыр.
Екі лидердің кездесуі қарсаңында АҚШ пре­зидентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Ресейге келіп, Владимир Путинмен, сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен, Ресей ұлттық қауіпсіздігі кеңесінің мүшелерімен кездесіп кетті.
Екі президент кездесуінің толық мазмұны алдағы екі аптаның ішінде анықталады.

РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ САНКЦИЯ ҚАНДАЙ?

Бұл мәселені АҚШ пен Үндістан қорғаныс және сыртқы саяси ведомство басшылары алда өтетін кездесуде талқылайтын болады.

Жиын «2+2» форматында өтеді. Онда Ресейге қарсы санкциялардың қандай деңгейде болатыны және Нью-Делидің Ресейден С-400 «Триумф» зенитті ракеталарын сатып алуы жайы қаралады. АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Никки Хейли осылай деді.
«2+2 форматы диалогының өзі осындай себептермен құрылған, онда осындай мәселе­лер талданатын болады» деді ол NDTV телеарнасына берген сұхбатында. Оның айтуынша, Вашингтон «Үндістан мен Ресейдің ұзақ уақытқа созылған өзара қарым-қатынасы бар екенін мойындайды». «Алайда Құрама Штаттар өзінің өзекті мәселе санаған нәрселеріне көзқарасын білдіруге тиіс… Ресеймен арада болған көптеген оқиғалар Конгрестің оған қарсы санкция жасау жөнінде шешім қабылдауына апарып жеткізді» деді өкіл.
Маусым айының басында Үндістан қорғаныс министрі Нирмала Ситхараман ханым Ресейден ЗР С-400 ракеталарын сатып алу жөніндегі келіссөздің шешуші кезеңге қадам басқанын мәлімдеген болатын.

ТҮРКИЯ СИРИЯҒА КӨМЕККЕ ШАҚЫРДЫ

Түркия Ресей мен Иранды Сирияның оңтүстік-батысындағы жағдайға араласуды шақырды.

Анкара Сирия үкіметі әскерлерінің Дераа және Кунейтера аудандарында жасап жатқан шабуылдарын тоқтатуға көмектесуді сұрайды. Астана үдерісінде Си­рия­дағы ахуалдың кепі­лі болған елдер енді бұл мәселеге де араласулары керек.
Жұма күні таратылған мәлімдемеде аталған аудандарда тұратын ондаған адамның жазықсыз қазаға ұшырап жатқаны айтылады. «Біз бұл оқиғаны үлкен алаңдаушылықпен, да­­былмен қабылдап, адамшылықтан ада бұл шабуылдарды батыл айып­тап отырмыз» делінген мәлімдемеде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button