Білім

Бала қауіпсіздігі бәрінен маңызды

Астанадағы №5 «Ақбота» балабақшасында «Қауіпсіз балалық шақ – детство безопасности» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті. Маңызды іс-шараға қалалық әдістемелік орталығы мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Құндыз Көшен, баспа қызметі бөлімінің әдіскері Ерғазы Нұршеков қатысты.

Жиынға қатысушылар баланы отбасынан кейін дамытатын ортамен, мектепке дейінгі ұйымның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Әкелер мектебінің» «Шабандоз» атқа міну, «Бала мерген» садақ ату сияқты отбасындағы әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыруды көздейтін тиімді жобалардың қалай іске асып жатқанына куә болды. Сонымен қатар бүлдіршіндеріміз келген қонақтарды балабақшаның авторлық ойыны – «Алаңдағы бестемше» ойынын ойнау шеберлігімен тәнті етті. «Kidsburg» мамандықтар қалашығында сюжеттік-рөлдік ойындар, «Сиқырлы құм» құм терапиясы, «Шебер қолдар» сазбалшықтан бұйым жасау жұмысы көрсетілді.

Салтанатты рәсім «Қауіпсіз әлем» композициясымен басталды. Айтыскер ақындар қауіпсіздік жайында өлең оқыса, «Сақ бол, балақай!» сахналық қойылымы, «Мой друг – велосипед» танымдық ойын-сауығы балаларға айрықша көңіл күй сыйлады. «Көңілді бағдаршам» биі де бүлдіршіндерге ерекше әсер қалдырса, әнші Берікқан Еламан «Отан» әнін келістіре шырқады. Өрт сөндіруші, полиция, дәрігер болып киінген балалар «Біз қорғауға дайынбыз» әндерін орындап, өнерімен тәнті етті. Соңында осы онкүндікке белсене қатысқан ата-аналар мен балаларға мадақтамалар, алғыс хаттар табысталды.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button