Қоғам

Әке жолын жалғаған

Ұлы Отан соғысының ардагері, 40 жылға жуық прокуратура саласында қызмет істеген Сәдуақас Қараманов прокуратура органдарының құрметті қызметкері дәрежесін алды. Әдетте қазақ «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деп жатады, солай болды да, ұлы Серік әке жолына түсіп, осы салада біраз биікті бағындырды. Сәдуақас ақсақалдың жиен немересі Әйгерім де осы жолды таңдады.

Әйгерім Өмірзақова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2013 жылы Қызылорда қаласынан бастады. Астана қаласы прокуратурасында 2016 жылдан бастап қызмет атқарады. Қазіргі уақытта Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі лауазымында.

Әйгерім Серікбайқызы қызметте жүктелген айрықша міндетін абыроймен көтеріп келеді. Кәсіби қабілеті мен жеке адами қасиеті арқасында ел мүддесін тиісті деңгейде қорғап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосып, өз қызметін адал атқарады. Қызмет жолында құқықтық мораль нормалары мен заңға бас иген нәзік жанды прокурор Әйгерім Серікбайқызына бойындағы тәртіптің түбі атасынан дарыған.

«Атам соғыс жылдарынан соң өмірінің 36 жылын прокуратура органдарына арнады. Бала кезімнен батылдық пен ерлік, шыдамдылық пен табандылық қасиеттерін бойыма сіңірді. Бірлік пен тұлғааралық қатынастың қызмет жолында таптырмас асыл қасиеттер екенін атамның әңгімелерінен біліп өстім» дейді Әйгерім.

Елімізде тұңғыш әйел генерал – прокуратура саласынан шыққан Сәуле Айтпаева. Әйгерім Серікбай­қызына оның жолын тілейміз!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button